Сотталғандарға медициналық қызмет көрсету ҚР ІІМ-нен Денсаулық министрлігіне беріледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) сотталғандарға медициналық қызмет көрсету функциясын ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне береді. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчи мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚАЖК ақпаратына сүйенсек, бүгін ІІМ-де «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының негізгі ережелерін түсіндіру және талқылау бойынша жария онлайн-тыңдау өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін ішкі істер органдарының қызметіне функционалдық талдау жүргізілген. Сондай-ақ ІІМ-ге тән емес функцияларды құзырлы министрліктерге беру бойынша бірқатар ұсыныс әзірленген.

«Бұл шара сотталғандарға тексерудің, диагностика және емдеудің заманауи әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мекеме әкімшілігінің аштық жариялауды тіркеу немесе дене жарақатын салу туралы шешім қабылдаған кезде медицина қызметкерлерінің қызметіне араласу ықтималдығы алынып тасталады», - деді шара барысында А.Калайчиди.

Қоғамдық тыңдауға ҚР Парламентінің депутаттары, адам құқықтары жөніндегі уәкілдер, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, адвокаттар мен қоғам өкілдерінен құралған 150-ге жуық адам қатысты.


Соңғы жаңалықтар