Сотталғандарға арналған жатақхананың құлауы: Арнайы комиссия құрылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтаудағы сотталғандарға арналған жатақхананың құлауынан 11 сотталушы зардап шегіп, оның үшеуі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінде олардың төртеуі медициналық тексеруден кейін мекемеге қайтарылды және олардың жағдайы жақсы. Қазіргі таңда, көз жұмған сотталғандардың жақын туыстарымен байланыс орнатылып, қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Зардап шеккендердің біреуі ауыр хәлде, үшеуі орташа деңгейде түрлі жарақат алған»,- делінген ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аталған фактіден кейін Маңғыстау облысының Полиция департаменті ҚР ҚК 278-бабының 3 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастағады. Сондай-ақ, арнайы комиссия ҚАЖ мекемесінің аумағындағы барлық ғимараттарға техникалық тексеру жүргізуде.

Жағдай ІІМ басшылығының ерекше бақылауында.

Еске салсақ, кеше Ақтаудағы ГМ-172/6 мекемесінде сотталғандарға арналған жатақханалардың бірі құлап, екі адамның көз жұмғаны туралы хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар