Сотталғандардың туыстарымен бейнесөйлесу енгізіледі – ІІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінде сотталғандардың азық-түлік, киім-кешек, кітап сатып алу мүмкіндігі бар. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өткізген онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен аптада ҚР ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев сенаторлармен бірге елдің пенитенциарлық жүйесін дамыту мәселесін талқылаған болатын.

«Ерлан Тұрғымбаев қылмыстық-атқару жүйесін дамыту, қамауда ұстау орындарының инфрақұрылымын жаңғырту, сотталғандарды жұмысқа орналастыру, оларға медициналық қызмет көрсету, сондай-ақ мекемелерді бейнебақылаумен жарақтандыру туралы баяндады», - дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Оның айтуынша, ведомство басшысы қабылданып жатқан шаралар сотталғандарды ұстауды айтарлықтай жақсартатынын және жазаларды орындау жүйесін ізгілендіру үшін құқықтық жағдайларды қамтамасыз ететінін атап өткен.

«Бүгінде сотталғандардың азық-түлік, киім-кешек, кітап сатып алу мүмкіндігі бар. Әлеуметтік пайдалы байланыстарды қолдау үшін сотталғандардың туыстарымен бейнесөйлесу енгізіледі. Сәлемдемелердің салмағы, сондай-ақ тамақтану нормалары артты», - деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев талқылау барысында.


Соңғы жаңалықтар