+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

Сотталғандардың азапталуы: Колония басшылығы жұмыстан кетті – ІІМ

2019 жылғы 29 шілде 16:29
Бөлісіңіз:
Сотталғандардың азапталуы: Колония басшылығы жұмыстан кетті – ІІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысындағы ЛА-155/8 мекемесінде сотталғандарды азаптаған қызметкерлер жауапкершілікке тартылды. Бұл жайында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«26 шілде күні әлеуметтік желілерде Алматы облыстық қылмыстық-атқару жүйесіне тиесілі 155/8 мекемесінде жәбір көрген сотталушылардың видеосы тараған болатын. Осыған байланысты бұл материалдардың барлығын жіті зерттеп, оның екеуінде расымен де сотталушыларға мекеме қызметкерлерінің тарапынан қандай да бір күш қолданылғанын көріп шығып, осы материалдарды облыстық прокуратураға жолдадық», - деді ресми өкіл министрлікте өткен брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша осы мәселені егжей-тегжейлі тексеру үшін жедел түрде қылмыстық-атқару жүйесінде арнайы комиссия құрылды.

«Бұл тұрғыда Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен Алматы облысына өкілдер жіберілді. 29 шілдеде тәртіптік комиссияның нәтижесі бойынша, 14 қызметкер түрлі жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде жетеуі қызметінен босатылды. ЛА-155/8 мекемесі басшының екі орынбасары жұмыстан қуылды, сондай-ақ мекеме басшысы орнынан босады», - деді Н. Ораз.

Н. Ораз осындай заңсыздықтарды болдырмауға қатысты Ішкі істер министрлігі тарапынан нақты шаралар қабылданатынын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Ішкі істер министрлігі Алматы облысында колониядағы заңсыз әрекеттер бейнеленген видеоны тексеретінін мәлімдеген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT