Сотталғандарды жеке-жеке ұстауды енгізуге әлі ерте - ҚР ІІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда сотталғандарды жеке-жеке қамауда ұстау жүйесін енгізуге әлі ерте. Бұл туралы бүгін ішкі істер органдарын жаңғырту мәселелері жөнінде өткен Сенат депутаттарының көшпелі отырысында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сотталған адамдарды жеке-жеке қамауда ұстау мәселесіне қатысты айтар болсам, біз мұны қарастырдық, тыңғылықты зерделедік. Бірақ, жеке камерада ұстау жүйесіне көшуге әлі ерте деген ұйғарым жасалды. Себебі барақ жүйесінде біз жазалау режімдерін қысқартатын болсақ, онда қоғамдық қаупі жоғары қылмыскерлер өздерінің қылмыстық ықпалдарын басқа сотталушыларға тарату қаупі бар», - деді Алексей Калайчиди.

Сонымен қатар ол бас бостандығынан айыру орындарында бейнебақылау жүйесін енгізу мәселесіне тоқталды.

«Біз шамамен 600 млн теңгені игердік. Бейнебақылаудың 19 стационарлық жүйесімен қатар патурульдік полицейлердікі сияқты дербес тасымалдаушы да сатып алынды. Олар қызметкерлердің өздерін де, сотталушыларды да тәртіпке салуға мүмкіндік береді. Бейнебақылау жүйесі енгізілген жерлерде шағымдардың сотталушылардың, сонымен қатар олардың жақын туыстарының, қоғамдық байқаушы комиссиялардың тарапынан түскенін азая түскенін байқадық», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар