Сотталғандар арасында туберкулезге шалдыққандар саны 5 есе қысқарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сотталғандар арасында туберкулезге шалдыққандар саны 5 есе қысқарды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы, полиция полковнигі Жанат Ешмағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медициналық көмек көрсету маңызды бағыт саналады. Соматикалық 2, психиатриялық 1, туберкулезге қарсы 3 аурухана, 67 медициналық бөлім және 15 медициналық пункт жұмыс істейді. Халықты тіркеу тіркелімі аясында сотталғандар аумақтық медициналық ұйымдарға тіркелген. Түрмеге келіп түскен барлық тұлғалар міндетті түрде алдын ала тексеруден өтеді. Қажеттілік туындағанда азаматтық денсаулық сақтаудың мамандары да тексеруге тартылады. Созылмалы аурулар анықталған жағдайда есепке алынып, тексеруден, консультация мен емдеуден өтеді», - деді комитет төрағасы.

Сонымен қатар жыл сайын денсаулық сақтау органдарының мамандары жылжымалы диагностикалық кешендерді жұмылдыру арқылы алдын алу тексерулер өткізеді. Тек осы жылы ғана 2 мыңнан астам науқас консультациялық-диагностикалық көмек алып, 120-дан астам ота жасалды.

«Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде туберкулезбен күресте тұрақты оң тенденция байқалады. Соңғы жылдары осы диагнозбен анықталған науқастар саны 5 есе, өлім-жітім 8 есе, ал науқастардың жалпы саны 4 есе азайды», - деді Жанат Ешмағамбетов.


Соңғы жаңалықтар