Сотталғандар арасында туберкулез ауруын жұқтырғандар саны төмендеп отыр

None
None
АСТАНА. Қазанның 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Сотталғандар арасында туберкулез ауруын жұқтырғандар саны төмендеп отыр. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесуі барысында еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген адамдардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселелерін баяндаған ҚР Әділет министрі Рашид Түсіпбеков осылай мәлім етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрдің айтуынша, соңғы жылдары сотталғандар арасында туберкулезден қайтыс болғандар саны төмендеген. Мәселен, 2000 жылы бас бостандығынан айырылғандар арасында осы ауру түрін жұқтырғандар саны 2 мың 515 адамды құраса, соның салдарынан қайтыс болғандар 240 адамға жеткен. Ал 2009 жылы науқастардың саны 741 адамға дейін қысқарса, қайтыс болғандар 113-ке төмендеген.

«Сотталғандар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау жүргізілуде. Мекемелерде спортзалдар ашылып, онда спартакиада, спорттық жарыстар, турнирлер  жиі ұйымдастырылып отыр», деді Р. Түсіпбеков. Сонымен бірге, министр қамауда отырған күдіктілер, айыпталушылар мен сотталғандар үшін діни әдет-ғұрыпты ұстануға, мінәжат етуге  жағдай жасалғанын атап өтті. «Қылмыстық-атқару мекемелері аясында 52 жалпы білім беру мектептері ұйымдастырылған. Онда орта білімі жоқ 6 мың 349 сотталғандар білім алуда. Сонымен бірге, түзеу мекемелеріндегі жұмыспен қамтылғандар саны 15 мың 297 адамды құрайды. Бұл жалпы сотталғандардың еңбекке қабілетті бөлігінің 35 пайызына тең», деді Р. Түсіпбеков.   

Соңғы жаңалықтар