Сотта Қайрат Боранбаевқа қатысты іс қаралды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Астана қаласы Сарыарқа аудандық №2 сотында Қайрат Боранбаевқа қатысты іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарыарқа аудандық №2 сотының судьясы Назгүл Бапақова қараған іс барысында айыптаушы тарап - «Qazaq Gaz» АҚ өкілінен және айыпталушылар - «АзияГазЧунджа» ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановтан жауап алынды. Күдіктілерге сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 млрд теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша айыптар тағылуда.

Естеріңізге сала кетейік, Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың үстінен квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісімен іс қозғап, изоляторға қамаған болатын.

30 желтоқсанда Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысы басталып, онда «АзияГазЧунджа» ЖШС қылмыстық эпизоды қаралған еді.

Сол күні күдіктінің адвокаты қорғаушысын үйқамақта ұстауды ұсынып, сот ұсыныстан бас тартқан-ды.


Соңғы жаңалықтар