«Сотбис» бәссаудасында бағалы тастар 160 миллион долларға сатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні кешке Женева қаласында өткен Sotheby's бәссаудасында салмағы 25,59 карат бирман лағыл тасы 28,25 миллион швейцар франкіне (30,42 миллион доллар) сатылды.

Sotheby's-тан түсіндіріп өткендей, бәссаудада төленген ақша лағыл тастары және саудада сатылған Cartier құнды заттары үшін рекордтық баға болған.

Тағы бір атап өтер оқиға - салмағы 8,72 карат алқызыл гауһар тасының 14,8 миллион франкқа (15,94 миллион доллар) сатылуы.

Сейсенбідегі бәссаудада 78 табиғи інжу моншақтан тұратын алқа 6,5 миллион франкқа (6,99 миллион доллар) сатылды. Sotheby's-тің мәліметтерінше, бұл сондай-ақ бәссаудадағы осындай тектес зергерлік бұйымдар үшін берілген ең жоғары баға болды.

Сатып алушылар зергерлік бұйымдар үшін жалпы алғанда 160 миллионнан астам доллар көлемінде ақша төлеген.

Соңғы жаңалықтар