09.03.2023 10:25 Мәдениет және спорт министрлігі Денис Улановқа 45 мың доллар төлейді АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Олимпиада қатысушысы, ауыр атлет Денис Улановтың Мәдениет және спорт министрлігіне қарсы іс бойынша сот шешімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
06.03.2023 18:55 Алматыда A-Parking ісі бойынша сот үкімі шықты АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматының Алмалы аудандық соты «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС бұрынғы директоры Марат Пірінбеков пен Alan Parking ЖШС бұрынғы бас директоры Мұхтар Базарбаевқа үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі..
06.03.2023 13:01 «Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін ұзартылды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
03.03.2023 20:31 СҚО-да аудан әкімінің орынбасары 3 жылға сотталды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары алдап алған 200 мың теңге үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.03.2023 09:48 Тараз қалалық сотының төрағасы сотталды ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Тараз қалалық сотының төрағасы сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Антикорға сілтеме жасап.
03.03.2023 02:27 Екі бірдей қаржы пирамидасын құрғандар сотталды АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада екі бірдей қаржы пирамидасын ұйымдастырған айыптыларға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана қалалық сотына сілтеме жасап.
02.03.2023 22:41 Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабековтың ісі қайтадан сотта қаралды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудандық соты қала әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков пен «ҚазМегаСтрой» құрылыс компаниясының директоры Ермек Қасеновке қатысты қылмыстық істі қайта қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.03.2023 15:42 Сот шешімін орындамаған Ақтау әкіміне айыппұл салынды АҚТАУ. ҚазАқпарат - Заңды күшіне енген сот шешімін орындамағаны үшін Ақтау қаласының әкіміне ақшалай өндіріп алу қолданылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
02.03.2023 09:40 Атырау облысында жасөспірімнің өліміне себепкер болған қарт жүргізуші сотталды АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жасөспірімнің өліміне себепкер болған қарт жүргізуші сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.03.2023 10:35 Асқар Жалдинов «5:32» сериалы бойынша сотта жеңіп шықты АСТАНА. ҚазАқпарат – «Протоколдан тыс. Қазақстандағы атышулы қылмыстар құпиясы» кітабының авторы Асқар Жалдинов пен «5:32» сериалын түсірушілер арасында қозғалған іс бойынша сот шешімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28.02.2023 15:18 Прокурор Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
28.02.2023 12:39 Журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген шетел азаматы 2 айға қамауға алынды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласының тергеу соты О.Токаревты 22 сәуірге дейін қамауда ұстау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26.02.2023 23:37 Аса ірі көлемде есірткі сақтаған БҚО тұрғыны 11 жылға сотталды ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында аса ірі көлемде есірткіні заңсыз сақтаған тұрғын 11 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.02.2023 20:26 Маңғыстауда екі баланы бірнеше рет зорлаған қылмыскер жазасын өмір бойы өтейді АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы кәмелетке толмағандардың заңды өкілі – қорғаушысының апелляциялық шағымына сәйкес бұған дейінгі үкімді қайта қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.02.2023 19:56 Қос азаматтықпен Қазақстанда тұрып келген ер адам елден қуылды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Мигрант» жедел алдын алу шарасы аясында екі адам ел аумағынан шығарылды. Оның біреуі қос азаматтықпен жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.02.2023 12:05 Алматыда салынып жатқан әкімшілік орталық сот шешімімен бұзылады АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда Экспериментальная көшесінің солтүстігі мен Ходжанов көшесінің шығысында салынып жатқан төрт қабатты әкімшілік ғимарат сот шешімімен бұзылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.02.2023 11:13 Ақтөбеде мектеп директоры пара алды деген күдікпен ұсталды АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы Шалқар ауданында мектеп директоры 600 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22.02.2023 13:45 Странджа турнирі: Бүгін қазақстандық төрт боксшы шаршы алаңға шығады АСТАНА. ҚазАқпарат - Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа-2023» турнирінде 22 ақпанда қазақстандық төрт спортшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.02.2023 16:12 Әкімшілік сот процесіне кімдер күштеп әкелінбейді – заң жобасы АСТАНА. ҚазАқпарат – Өзіне қатысты жүріп жатқан әкімшілік құқық бұзушылық туралы сот процесіне келмеген тұлғаларды күштеп әкелу тәртібі бекітілмек. Бұл туралы Әділет министрлігі ашық талқыға шығарған заң жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.02.2023 13:48 Бақытгүл Хаменова ісі: Басқарма басшысы мен ЖШС директорының жазасы жеңілдеді АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Экс-шенеунік Бақытгүл Хаменовамен бірге тергелген басқарма басшысы мен серіктестік директорына қатысты сот үкімі өзгерді. Оларға тағайындалған бұрынғы жаза мерзімі төмендетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.