16.01.2023 18:50 Нұрлан Мәсімовке тағы екі іс бойынша айып тағылды ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Павлодар облыстық полиция басқармасының бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовке қатысты істерді қарау тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.01.2023 17:40 Алматыда өзін емдеп жүрген дәрігерді атып өлтірген адам 18 жылға сотталды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда гастроэнтеролог Юрий Шумковтың өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.01.2023 10:39 Рейстің кешіктірілуінен аш қалған қазақстандық авиакомпанияны сотқа берді АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Рейстің кешіктірілгені үшін жолаушыларды тамақтандырмаған «Qazaq AIR» авиакомпаниясы 600 мың теңгеден астам сома айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.01.2023 00:14 Өскемен тұрғыны бұрынғы әйелін боқтағаны үшін көшеде қар күреп жүр ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының тұрғыны бұрынғы әйелін боқтағаны үшін қоғамдық жұмысқа жегілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.01.2023 08:49 Тель-Авивте 80 мың адам сот жүйесін қайта қарауға қарсы шеруге шықты АММАН. ҚазАқпарат - Сенбі күні кешке Тель-Авивтегі Хабима алаңына он мыңдаған шерушілер премьер-министр Биньямин Нетаньяхудың жаңа үкіметіне және оның Израильдің әділет жүйесін өзгерту жоспарына наразылық білдіру үшін шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі The Times of Israel басылымына сілтеме жасап.
15.01.2023 08:27 Ресейдің де, Қазақстанның да паспорты бар азамат елден шығарылды АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ресей азаматы Т.-ға қатысты ҚР азаматтығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
14.01.2023 19:43 Балалар ауруханасының есепшісі мемлекеттің 116 млн теңгесін құмар ойынға салған ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Талдықорғандағы облыстық балалар ауруханасының есепшісі мемлекеттің 116 млн теңгесін құмар ойынға салып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.01.2023 14:49 Жабық жолда полицейлерге қарсылық көрсеткен жүргізуші әкімшілік қамауға алынды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылық полицейлердің заңды талабына бағынбай, ауа райына байланысты жабылған жолға шығып кеткен жүргізуші сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
13.01.2023 12:23 Ақмолада 50 млн теңгені жымқырған құрылыс басқармасы бастығының орынбасары сотталды КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат -Ақмола облысында құрылыс басқармасы басшысының орынбасары 8 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Антикорға сілтеме жасап.
12.01.2023 14:38 Қаңтар оқиғасына қатысқан 27 атыраулық кінәсін мойындады АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғасына қатысқан 27 атыраулық кінәсін мойындады. Олар процессуалдық келісім жасауды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
12.01.2023 11:50 Гүлмира Сатыбалдының ісі Астанада қаралады АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Белгілі кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдының ісі Астана қаласында қаралатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.01.2023 10:21 Жоғарғы Соттың үш судьясы қызметінен босатылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Жоғарғы Соттың үш судьясы қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.01.2023 18:29 Әділетті Қазақстанның айнасы: Конституциялық сот қалай жұмыс істейді АСТАНА. ҚазАқпарат – Өзін демократиялық қоғам санайтын әр мемлекеттің басты міндеті – заң үстемдігін орнату, ел азаматтары құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету. Азаматтық қоғамды қалыптастыруды басты бағыт етіп ұстанған Қазақстан да соңғы жылдары құқық жүйесін жақсарту мақсатында бірқатар реформаны қолға алды. Соның бірі ретінде Конституциялық соттың қайта құрылуын атап өтуге болады. Былтырғы 16 наурыздағы Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық сот құруды ұсынған еді. Осылайша, бұл мәселе жан-жақты зерттеліп, биылғы 1 қаңтардан бастап аталған сот өз жұмысын бастады.
11.01.2023 13:42 Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан атыраулық 100 сағат көше сыпырады АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан атыраулықтың бас бостандығы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
10.01.2023 21:11 Сенаторлар Жоғарғы сот басшылығымен сот жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары сот жүйесін дамыту мен жетілдіру мәселелерін Жоғарғы соттың басшылығымен бірге талқылады.
10.01.2023 19:40 Кісі қолынан қаза тапқан дәрігердің туыстары күдіктінің қатаң жазалануын сұрады АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда гастроэнтеролог Юрий Шумковты өлтірді деп айыпталған күдікті соңғы сөзінде өз кінәсін толық мойындап, марқұмның туыстарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.01.2023 16:11 «Пакетімде бомба бар»: Астана әуежайын дүрліктірген жолаушыға үкім шықты АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласының Есіл аудандық №2 соты терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат таратқан азаматқа қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.01.2023 16:03 Алматыда дәрігерді атып өлтірген пациент 20 жылға түрмеге қамалуы мүмкін АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда гастроэнтеролог Юрий Шумковты атып өлтіру ісі бойынша сот отырысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.01.2023 14:50 McDonald's жабылуы мен Қайрат Боранбаев ісінің арасында ешқандай байланыс жоқ - Машанов АСТАНА. ҚазАқпарат – Food Solutions KZ бас директоры Әсет Машанов Қазақстанда McDonalds желілерінің жабылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.01.2023 01:05 Вайнерлер мен қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс: Жәбірленушілер миллиондап қаржы құйған АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Astex, Mudarabah Capital және ACD Technology қаржы пирамидаларын құру ісі бойынша басты сот отырысы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.