31.01.2023 14:22 СҚО-да жидек терген әйелді атқан аңшыға қатысты сот үкімі шықты ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жидек теріп жүрген әйелді елікпен шатастырып, абайсызда атып өлтірген Сергей Лосеняға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.01.2023 16:05 Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтаған мектеп директорының ісі сотқа түсті АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде әйелі мен қызын пышақтап тастаған мектеп директорының ісі облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралады. Сот ашық өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.01.2023 13:20 Шымкентте сот кеңсесінің қызметкері 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте сот кеңсесінің қызметкері 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26.01.2023 17:43 Асламбек Мерғалиев Президентке сот реформасы қалай жүріп жатқанын баяндады АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
26.01.2023 02:22 Қызылордада ерлі-зайыптылар мемлекетке 24 млн теңге залал келтірген ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жалған несие шартын әзірлеп, мемлекетке 24 млн теңгеден астам ірі мөлшерде мүліктік залал келтірген адам шартты түрде бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.01.2023 16:52 Интернет арқылы есірткі сатқан шымкенттік 10 жылға бас бостандығынан айрылды ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 32 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.01.2023 12:14 Қайрат Боранбаевқа қатысты сот процесінде аудио-видео жазба жасауға тыйым салынды АСТАНА. ҚазАқпарат - Қайрат Боранбаевқа қатысты сот отырысында аудио-видео жазба жасауға тыйым салынды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген Астана қалалық сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова мәлім етті.
23.01.2023 21:01 Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткен Пәкістанның 4 азаматы сотталды ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Жамбыл аудандық сотында Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту бабы бойынша айыпталған 4 тұлғаға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық сотқа сілтеме жасап.
23.01.2023 11:52 Наиль Ахметзакиров ҚР Сот әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Наиль Рафисович Ахметзакиров Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалды.
23.01.2023 10:36 Конституциялық Сотқа азаматтардан 500-ден аса өтініш түсті АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы Эльвира Әзімованың төрағалық етуімен судьялардың қатысуымен азаматтардың Конституциялық Сотқа жолдаған өтініштерін қарауға қатысты мәселелер талқыланды.
20.01.2023 21:56 Өрескел қате жіберген судьялар жазадан құтылмауы тиіс – ҚР Жоғарғы сот төрағасы АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Жоғарғы сот 2022 жылғы жұмыстың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпартқа сілтеме жасап.
20.01.2023 10:14 Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі қайта ұзартылды АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20.01.2023 09:51 Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін тағы екі айға ұзартты АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21 наурызына дейін ұзартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.01.2023 09:50 Яндекс «курьер» 3,5 млн теңгенің тауарын сатып жіберген - Астанада үкім шықты АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласының Есіл аудандық №2 соты алаяқтық жасау фактісімен азамат У.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.01.2023 09:44 Жаңа туған нәрестесін әжетханаға тастап кеткен жасөспірім ана сотталды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда сәбиін көшедегі әжетханаға тастап кеткен кәмелетке толмаған ана сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.01.2023 08:52 Алаяқтар «Президент Әкімшілігінен» қоңырау шалып, зардап шегушілерге маски-шоу ұйымдастырған АСТАНА. ҚазАқпарат – Алаяқтар тобы Мемлекет басшысы жастардың жаңа командасын жинап жатқанын айтып, Президент Әкімшілігінен зардап шегушілерге қоңырау шалған. Астанадағы қымбат отельдерде кездесулер ұйымдастырып, оған жалға алынған люкс машиналармен, жалданған оққағарлармен барып отырған. 5 адамға сот үкімі шықты. Алайда олар жазамен келіспей, апелляцияға берген. ҚазАқпарат бұл туралы Астана қалалық сотына сілтеме жасап хабарлайды.
19.01.2023 23:33 Қызылордада заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған алматылық әйел жазаға тартылды ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған алматылық әйел жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.01.2023 10:54 Полиция Рамиль Мухоряповқа қатысты істі тоқтатты АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Кәсіпкер Рамиль Мухоряповқа қатысты іс тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.01.2023 19:34 Ақталып шыққан Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары моральдық шығын ретінде 100 млн теңге сұрады АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Қылмыстық кодекстің «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша айыпталып, кейін ақталып шыққан Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіров 100 млн теңге моральдық шығын талап етті. Талап ішінара қанағаттандырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.01.2023 13:04 Қазақстан азаматтары Конституциялық сотқа қалай жүгіне алады АСТАНА. ҚазАқпарат – Ел азаматтарының ҚР Конституциялық сотына өтініш жасауына арналған жадынама жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.