14.03.2023 19:14 БҚО-да 5 жылға сотталған экс-шенеунік рақымшылыққа ілінді ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қалалық сотында БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бұрынғы бөлім басшысы, 29 жастағы Мирас Әнуаров пен 35 жастағы кәсіпкер Талап Сұлтанғалиевке қатысты үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.03.2023 14:38 1 сәуірге дейін көлік салығын төлемегендердің ісі сотқа жолданады АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мегаполисте 441 221 жеке тұлғаның атына 709 944 көлік тіркелген. 2022 жылға есептелген салықтың жалпы сомасы - 16,6 млрд теңге. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Қуаныш Түменбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.03.2023 10:11 Елордалық жұмыспен қамту орталығының басшысы пара алғаны үшін сотталды АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Алматы аудандық соты қалалық жұмыспен қамту орталығы басшысына пара алғаны үшін айыптау үкімін шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат соттың сайтына сілтеме жасап.
13.03.2023 20:11 Қарағанды облысында әкім орынбасары 4 млн теңге айыппұл төлейді ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімінің орынбасарына қатысты іс тыңдалды. Сот оны кінәлі деп таныды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 14:08 Көршісін баласымен бірге өртеп жіберген Рудный тұрғыны мәжбүрлі емдеуге жіберілді РУДНЫЙ. ҚазАқпарат – Бір жыл бұрын Қостанай облысының Рудный қаласында көршісін баласымен бірге өртеп жіберген ер адамның ақыл-есінде кемістігі бар деген қорытынды жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.03.2023 17:06 Апелляция соты дәрігерді атып өлтірген пациентке шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Апелляциялық сот гастроэнтеролог Юрий Шумковты өлтірген сотталушыға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.03.2023 13:21 Оралда қалалық соттың судьясы жұмыс орнында көз жұмды ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда қалалық соттың судьясы жұмыс орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.03.2023 09:32 Сот «Астана-Зеленстрой» ЖШС Бас директорына 185 млн теңге айыппұл салды АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласы Байқоңыр ауданының № 2 соты Астана-Зеленстрой» ЖШС Бас директорына 185 млн теңге айыппұл салды.
09.03.2023 17:29 Гүлмира Сатыбалды үй қамаққа жіберілмейді – сот шешімі АСТАНА. ҚазАқпарат – Гүлмира Сатыбалдыға қатысты іс бойынша алдын-ала тыңдау Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотында өтті. Оның барысында адвокаттар айыпталушыны үй қамаққа ауыстыруды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.03.2023 16:37 Сенатор сот сарапшыларының мәселесін көтерді АСТАНА. ҚазАқпарат - Сот сараптамасы саласындағы жалақының төмендігі мен жүктеменің жоғары болуы мамандардың тапшылығына әкелді. Сенатор Ақмарал Әлназарова осы мәселе бойынша Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.03.2023 16:03 Сенат сотталған әйелдерге қатысты заңнамаға түзету енгізді АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «ҚР Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптау мен қатыгез әрекеттердің алдын алу саласындағы адам құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» құжат қаралды. Сенат депутаттары жаңа нормаларды концептуалды тұрғыда қолдай отырып, заң жобасына бірқатар түзету енгізіп, оны толықтырулармен қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.03.2023 12:58 Гүлмира Сатыбалды сотқа дейінгі тергеу кезінде шекара асып кетпек болған - прокурор АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотында Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты іс бойынша алдын-ала тыңдау жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.03.2023 12:37 Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздің бұрынғы Қорғаныс министріне қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат BaigeNews.kz-ке сілтеме жасап.
09.03.2023 10:25 Мәдениет және спорт министрлігі Денис Улановқа 45 мың доллар төлейді АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Олимпиада қатысушысы, ауыр атлет Денис Улановтың Мәдениет және спорт министрлігіне қарсы іс бойынша сот шешімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
06.03.2023 18:55 Алматыда A-Parking ісі бойынша сот үкімі шықты АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматының Алмалы аудандық соты «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС бұрынғы директоры Марат Пірінбеков пен Alan Parking ЖШС бұрынғы бас директоры Мұхтар Базарбаевқа үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі..
06.03.2023 13:01 «Дикий Арманды» қамауда ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 сәуіріне дейін ұзартылды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
03.03.2023 20:31 СҚО-да аудан әкімінің орынбасары 3 жылға сотталды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары алдап алған 200 мың теңге үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.03.2023 09:48 Тараз қалалық сотының төрағасы сотталды ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Тараз қалалық сотының төрағасы сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Антикорға сілтеме жасап.
03.03.2023 02:27 Екі бірдей қаржы пирамидасын құрғандар сотталды АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада екі бірдей қаржы пирамидасын ұйымдастырған айыптыларға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана қалалық сотына сілтеме жасап.
02.03.2023 22:41 Қарағанды әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабековтың ісі қайтадан сотта қаралды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудандық соты қала әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Шалабеков пен «ҚазМегаСтрой» құрылыс компаниясының директоры Ермек Қасеновке қатысты қылмыстық істі қайта қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.