16.02.2023 19:52 «Алтын орда» базарында саудагерлерден ақша жинап отырған полицейлер сотталды ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - «Алтын орда» базарында саудагерлерден заңсыз ақша жинаған полицейлер сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.02.2023 10:55 СҚО-да жерге қатысты апелляциялық сот пайшылардың мүддесіне шешілді ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы сотының апелляциялық сатысы 880 пайшы мен кредиттік мекеме арасындағы 14 кепілшарттың күшін жоюға қатысты шешімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.02.2023 21:40 Атырауда жұмысшыларының жалақысын бермей қойған директор 3,5 жылға сотталды АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда қызметкерлер жалақысын алаяқтықпен иемденген директор 3,5 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13.02.2023 10:01 Алматыда қаржы пирамидасының 15 ұйымдастырушысы сотталды АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметі «QI Trade Kazakhstan» (Qarat Invest) қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істі тергеп-тексерді.
10.02.2023 16:37 Біртанов пен Әбішев ісі: Апелляциялық сот үкім шығарды АСТАНА. ҚазАқпарат – Апелляциялық сот алқасы Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.02.2023 14:30 Нұрлан Мәсімов бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланғаны үшін айыппұл төлейтін болды АСТАНА. ҚазАқпарат – Павлодар қалалық әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған сот Нұрлан Мәсімовтың ісін қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
10.02.2023 14:28 Амстердам соты Стати ісіне қатысты шешімді Қазақстанның пайдасына шешті АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 ақпанда Амстердам аудандық соты кәсіпкерлер Анатолий мен Габриэль Статидің және олардың компанияларының («Стати») «Самұрық-Қазынаға» қарсы шағымдары негізсіз деп шешті. Сот Статиге «Самұрық-Қазына» мен Қазақстан Республикасы шеккен сот шығынын төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық әл-ауқат қорына сілтеме жасап.
09.02.2023 10:17 ШҚО-да шошқа фермасын жабуға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында тұрғындар наразылығын туғызған шошқа фермасын жабуға қатысты сот үкімін апелляциялық инстанция өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.02.2023 16:52 Петропавлда БАҚ-тың жұмысына кедергі келтірген күзетші сотталды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда БАҚ өкілдерінің кәсіби қызметіне кедергі келтіру бойынша алғаш рет қылмыстық іс қозғалып, сот үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.02.2023 10:38 Сурдлимпиада чемпионының бапкері сотта Мәдениет министрлігін жеңді АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана соты Мәдениет және спорт министрлігін 2022 жылғы Сурдлимпиада ойындарының жеңімпазы Еркебұлан Қанафиннің бапкері С.Дмитриенкоға сыйақы төлеуді міндеттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.02.2023 08:14 Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде адам өлтірген инкассатор 8 жылға сотталды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қаңтар оқиғасы кезінде ақша айырбастау пункттерінің бірінің жанында кісі өлтірді деген күдікке ілінген адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.02.2023 21:39 Ақмола облысында әкесі мен баласын мерт қылған көлік жүргізуші сотталды КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында әкелі-балалы екі адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасына кінәлі мас жүргізуші 5 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.02.2023 20:17 Илон Маск Tesla акциясын сатып алу туралы мәлімдемесіне байланысты істе кінәсіз деп танылды АСТАНА. ҚазАқпарат - Сан-Францискодағы алқабилер соты Tesla негізін қалаушы Илон Маскты 2018 жылғы твитіндегі алаяқтық туралы іс бойынша ақтады. Онда кәсіпкер электромобильдер шығаратын компанияны жекешелендіруді талап еткен еді. Инвесторлар оны осы хабарламамен миллиондаған доллар шығын келтірді деп айыптаған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
04.02.2023 01:40 Жетісу облысының бірнеше сот ғимаратына бомба қойылды деген ақпарат жалған болып шықты ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысының бірнеше сот ғимаратына бомба қойылды деген ақпарат жалған болып шықты. Қазір осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.02.2023 21:33 6,1 млрд теңге залал: Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырған 16 адам сотталды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.02.2023 20:00 Нұрлан Мәсімовтің ісі қылмыстық сотқа қайтарылды ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Нұрлан Мәсімовтің ісі Павлодар мамандандырылған қылмыстық сотына қайтарылды. Мұндай шешімді Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
02.02.2023 18:24 СҚО-да полицияның учаскелік инспекторы 5 жылға сотталды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицияның учаскелік инспекторына сот үкімі шықты. Тәртіп сақшысына ауыр зардапқа әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздігі үшін қылмыстық іс қозғалған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.02.2023 23:16 Апелляция алқасы «Барыс - 4» базарына қатысты сот шешімін өзгеріссіз қалдырды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Алматы қаласы прокуратурасының уәкілетті органға және А. тобына мәмілені жарамсыз деп тану туралы талап-арызы, атап айтқанда Б ЖШС жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті сатып алу - сату шарты бойынша азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.02.2023 19:41 Ақтөбеде қаңтар оқиғасына қатысқандарға сот үкімі шықты АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қаңтар оқиғасына қатысқан бір топ күдіктіге сот үкімі оқылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.01.2023 14:22 СҚО-да жидек терген әйелді атқан аңшыға қатысты сот үкімі шықты ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жидек теріп жүрген әйелді елікпен шатастырып, абайсызда атып өлтірген Сергей Лосеняға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.