Сот жүйесінің бюджетін белгілеу тәртібі өзгереді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасының қорытындысы бірінші оқылымда талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатты әріптестеріне Мәжіліс депутаты Нәзилә Раззақ таныстырды.

«Заң жобасының басты мақсаты - сот жүйесін одан әрі дамыту. Заңнамалық өзгерістер судьялардың кәсібилігін, сондай-ақ жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыруды көздейді. Бұл мақсатқа жету жолында басты 3 бағытқа назар аударылды. Ол, ең алдымен, сот жүйесін қаржыландыруға байланысты. Соттардың қаржылық дербестігі – сот билігі тәуелсіздігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Сондықтан халықаралық тәжірибе бойынша сот жүйесі бюджетінің мөлшерін пайызбен белгілеу ұсынылады», - деді депутат.

Оның айтуынша, бұл - сот жүйесі бюджетін қалыптастырудың жаңа моделі.

«Сот жүйесіне жұмсалатын шығыстар «001» бюджеттік бағдарламасы бойынша барлық мемлекеттік органдар шығыстарының кемінде 6,5 пайызын құрайды.

Қаржыландыру деңгейлері мен бағыттарын Жоғарғы соттың кеңейтілген кеңесінің жалпы отырысы бөледі. Оған аудандық, облыстық және Жоғарғы соттың судьялары кіреді. Есеп комитетінің бақылауы сақталады», - деді Нәзилә Раззақ.


Соңғы жаңалықтар