Сот жүйесін жаңғыртудың тың тәсілдері таяуда белгілі болады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сот жүйесін жаңғыртудың тың тәсілдері таяуда белгілі болады. Бұл туралы Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-ші жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі жүйелі жұмыстар Қазақстанды барынша қуатты елге айналдыруға бағытталған ірі, ауқымды реформалармен бірге жүреді. Әділ бәсекені дамыту, жемқорлықты жою, тиімді мемлекеттік басқару және адами капитал сапасын жақсарту - мақсаттарымызға қол жеткізудің міндетті бөлігі саналады», - деді Мемлекет басшысы.

Президент көптеген инвесторларды еліміздің сот жүйесіндегі бейтараптық пен әділдіктің жоқтығы алаңдататындығын да жасырмады.

«Қазірдің өзінде жүйені реформалауға бағытталған үлкен қадам жасалып, өзге салалардағы беделді заңгерлерді тарту арқылы заңнаманы жақсарту жұмысы үнемі жүргізіледі. АХҚО өте маңызды рөл атқарады, Халықаралық арбитраж орталығы инвестициялық дауларды шешу үшін жұмыс істейді. Дегенмен, қол жеткізген жетістікпен тоқтап қалмаймыз. Менің тапсырмаммен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңес сот жүйесін одан ары жаңғырту бағытында жұмыс істеп жатыр. Бұл саладағы жаңа тәсілдер таяу арада белгілі болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Соңғы жаңалықтар