Сот жүйесі туралы заңға үш буынды модельді ендіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар Президент«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктердің және жауапкершілік аясының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді ендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.


Соңғы жаңалықтар