Сот жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Түркия азаматына қатысты шешім шығарды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алмалы аудандық сотында Түркия азаматы Әли Демирге қатысты сот процесі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда жедел жәрдем жүргізушісі Николай Кучманы соққыға жыққан Түркия азаматы жазадан құтылды.

«Сот ҚР ҚК 293-бабы бойынша жауапқа тартылған Әли Демирді ҚР ҚК 68-бабының 1-бөлімімен жәбірленушімен татуласуына байланысты жауапкершіліктен босату туралы шешім қабылданды. Тәртіп бұзу бойынша қозғалған өндірістік іс тоқтатылсын», - деді судья Қайрат Иманқұлов.

Еске салайық, Алматыда жолды бөлісе алмаған Түркия азаматы жедел жәрдем жүргізушісі Николай Кучманы соққыға жыққан болатын. Көп ұзамай полицейлер 1990 жылы туған түркиялық азаматты анықтап, уақытша ұстау оқшаулағышына жеткізді. Кейін Әли Демир кепілмен босатылды. Сондай-ақ, жедел жәрдем жүргізушісі Түркия азаматын кешірді. 

Соңғы жаңалықтар