Сот залынан: «Ағайынды төртеу» қылмыстық істі адамдарды бопсалаудан бастаған

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мұнай ұрлығына қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. Сотталушы Еркін Ізбасаров бастаған қылмыстық топ 2003-2016 жылдары адамдарды бопсалап, мұнай ұрлаумен айналысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде Еркін Ізбасар бастаған қылмыстық топқа қатысты сот отырысы басталды. Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бүгін айыптау қорытындысы оқылды.

Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы Еркін Ізбасар 2003 жылы қылмыстық жазаға тартылып, 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан шеттетілді. Дәл сол жылы қылмыстық топ құрып, сотталушы А.Қалиев, А.Батыров, К.Пангерейұлы, М.Тұржанов, Н.Тонтаев, Қ.Қартжан сол қатардан табылды. Ал Аухат Қалиев қылмыстық боп басшысы Еркін Ізбасардың көмекшісі болып, қару-жарақ сақтау, тасымалдау жұмыстарын басқарды, басшының барлық бұйрығын орындады. Қылмыстық топ мүшелері қолға түскен кезде әрқайсысынан қару-жарақ пен оқ-дәрі табылған.

null 

«2005 жылдан бастап Еркін Ізбасар белгісіз адамдардан қару-жарақ алып, оны сақтаған. Сотталушы жергілікті тұрғын А.Көзайдарова мен Р.Еникеев арасындағы келіспеушілікке араласады. Еркін Ізбасар бастаған топ Еникеевтен 60 мың доллар талап етті. Өз өмірі, отбасы үшін қорыққан жәбірленуші сұраған қаржыны тауып береді. Жәбірленуші К.Нұрмановтың эпизоды бойынша оның 2 бөлмелі пәтерін, КаМАЗ маркалы жүк көлігі мен жеңіл көлігін алады. Барлығы 19 миллион теңге болғанымен, қылмыстық топ шығынды 8,5 миллион теңгеге бағалады»,- деді прокурор Елдар Абиев.

Бұл қылмыстық істі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті мен Ішкі істер департаменті бірлесе тергеді. Белгілі болғаны, 12 сотталушыға қатысты істі ішкі істер органдары тергеп, 39 миллион теңге шығын келтіргенін анықтады. Барлығы 257 томнан тұрақтын қылмыстық іске қатысты айыптау қорытындысы әлі оқылып жатыр.

Сот алды отырыс кезінде қылмыстық топтың «серкесі» Еркін Ізбасар өзінің 3 баласы бар екенін айтқан болатын. Бүгін ол өзінің 5 баласы бар екенін, бірақ олардың туған жылы мен күні туралы нақты айта алмайтынын жеткізді. Тіпті, 2003 жылы не үшін сотталғанын түсіндіріп бере алмады. Сотталушылардың басым бөлігі үйленген, балалары бар. Ал сол жылдары Ақтөбе облыстық ІІД бастығының орынбасары болып, мұнай ұрлығымен айналысқан топтың заңсыз әрекетіне көмектескен сотталушы Рахат Аханов өзін суретке, бейнекамераға түсіруге қарсы шықты.

null 

Сотталушы Біржан Аманқұлов болса 2013 жылы денсаулыққа қасақана ауыр зияр келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, абақтыға қамалған. Әзірге оның бұл қылмыстық топқа қандай қатысы бар екені айтылған жоқ.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, топқа Қылмыстық кодекстің «Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу», «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» баптары бойынша айып тағылды .
Қылмыстық іс бойынша барлығы 26 сотталушы бар. Ола: Адайбек Сәрсенов, Нұрболат Қайырбаев, Айбек Тілеуғазиев, Аухат Қалиев, Мұханбет Шавлетов, Еркін Ізбасар, Болатбек Бекетов, Жандос Ақмағамбетов, Жангелді Өтегенов, Руслан Дермұханов, Амандос Есенғалиев, Бекжан Құлтаев, Нұрлан Ноғаев, Саясат Дүсіпов, Сүлеймен Сүгірбаев, Мұрат Тұржанов, Сергей Савченко, Біржан Аманқұлов, Ербол Тектіғұлов, Қайыркелді Ізтұрғанов, Нұрлыбек Тонтаев, Жанат Тектіғұлов, Кәдіржан Пангерейұлы, Мұрат Қуанышев, Рахат Аханов, Қартжан Қалдымұрат.
Сотталушылар Темір мен Байғанин аудандарынан мұнай ұрлап, сатқан. Жәбірленуші тарапта «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ пен «Сағаз Петролеум» ЖШС бар.

null 

Соңғы жаңалықтар