Сот Томирис Байсафаның өліміне Дағыстанның экс вице-премьерінің баласын кінәлі деп тапты
2022 жылғы 24 маусым 20:34

Сот Томирис Байсафаның өліміне Дағыстанның экс вице-премьерінің баласын кінәлі деп тапты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейдің Мәскеу қаласы Измайлов ауданы сотының алқабилері Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің баласы Муртазали Меджидовты қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне кінәлі деп тапты.

|Бұл туралы Томирис Байсафаның анасы Жанан Ахметованың Instagram парақшасынан мәлім болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Алқабилер соты Муртазали Меджидовтың Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының студенті қазақстандық қызды терезеден итеріп жібергені дәлелденді деп тапты.

Осыған дейін Томирис Байсафаның ісіне қатысты сот тергеуі аяқталғанын жаздық.


Ұқсас жаңалықтар
ШҚО тұрғындарының пештегі тамақты ұмыт қалдыруы салдарынан 57 рет өрт болған
2022 жылғы 11 тамыз 04:31

ШҚО тұрғындарының пештегі тамақты ұмыт қалдыруы салдарынан 57 рет өрт болған

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері тұрғындардың пештегі тамақты ұмыт қалдыруы салдарынан 57 рет өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскеменде Қабанбай батыр көшесіндегі үйде пешке қойылып ұмытылып кеткен тамақ өрттің шығуына себеп болды. Сол кезде үй иесі ұйықтап жатқан. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды толықтай ауыздықтады.

«2022 жылдың басынан бері құтқарушылар осындай жағдайларға 57 рет барды. Пеште тамақты ұмыт қалдыру өте қауіпті. Балалар, қарттар, тыныс алуы аурулары бар адамдар түтіннен зардап шегеді. Тамақты пешке қойып ұйықтап жатқан азамат ешқашан оянбай қалуы мүмкін», - деп ескертті құтқарушылар.

Пешке тамақ қойып ұмыт қалдырғаны салдарынан өрт шықса ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы бойынша ескерту жасалып немесе жеке тұлғаларға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.


Ақтауда рұқсат етілмеген жерде суға шомылған екі бала құтқарылды
2022 жылғы 10 тамыз 23:30

Ақтауда рұқсат етілмеген жерде суға шомылған екі бала құтқарылды

АҚТАУ.ҚазАқпарат – Ақтауда 11 жасар ұл мен қызды құтқарушылар судан алып шықты,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 9 тамыз кешкі мезгілде болған.

«Ақтау қаласы Каспий теңізінің 4 «а» шағын ауданы маңында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару жасағының қызметкерлері 2011 жылы туған ұл мен қыз баланы судан құтқарып қалды. Олар тыйым салынған жерде шомылып жүрген» делінген департаменттің баспасөз мәліметінде.

Балаларға медициналық көмек қажет болмаған.

Айта кетейік, өткен аптада Ақтаудан 43 шақырым жерде рұқсат етілмеген жерде шомылып жүрген 3 жігіт суға батып кеткен еді.


Павлодарда жедел сатыға қолын қысып алған азамат ғимаратқа заңсыз кіруге тырысқан
2022 жылғы 10 тамыз 22:48

Павлодарда жедел сатыға қолын қысып алған азамат ғимаратқа заңсыз кіруге тырысқан

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Павлодарда жедел сатыға қолын қысып алған азамат ғимаратқа заңсыз кіруге тырысқан. Бос ғимаратқа рұқсатсыз кірмек болған азамат 27 жастағы қала тұрғыны, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Бүгін яғни 10 тамыз күні Олжабай батыр көшесі, 41 мекенжайында орналасқан ғимараттың лифті шахтасында ер адамның қолы қысылып тұрғаны туралы қоңырау келіп түсті. 5 қабатты бос ғимараттың төбесінде, жүк лифтінің шахтасында кабель мен төсек арасында ер адамның оң қолы (білегін) қысылып қалғаны анықталды. Құтқарушылар лифт қызметінің қызметкерлерімен бірге 27 жастағы қала тұрғынын құтқарды, - делінген хабарламада.


Полицейлер қала тұрғынының ғимаратқа заңсыз кіруге тырысқан кезде қолын қысқанын анықтады.





Фото: pavlodarnews.kz


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT