Сот тарапынан енгізілген әрбір ақтау үкімі агенттік қызметкерлері кәсібилігінің төмендігін көрсетеді - Қ. Қожамжаров

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сот тарапынан енгізілген әрбір ақтау үкімі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері кәсібилігінің төмендігін көрсетеді. Бұл туралы бүгін Астана агенттіктің кеңейтілген кеңесінде осы ведомствоның төрағасы Қайрат Қожамжаров мәлім етті.

«Алдағы жылдан бастап біз жаңа құқықтық тәртіпте жұмыс істей бастайтындығымызды атап өткім келеді. Жаңа Қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес, қосымша тексеру мен тергеу институттарына тыйым салынады. Сот тарапынан енгізілген әрбір ақтау үкімі біздің кәсіби деңгейіміздің төмендігін көрсетеді. Азаматтар құқығын қорғаудың кепілі болуы тұрғысында біз қабылданатын процессуалдық шешімнің мінсіздігін қамтамасыз етуге міндеттіміз»,-деді Қ. Қожамжаров жемқорлыққа қарсы қызметтің офицерлеріне қаратып айтқан сөзінде. Айта кетейік, кеңес отырысына ведомствоның орталық аппаратының басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ аумақтық бөлімдердің басшылары қатысуда. Агенттік басшысы бұл жиында ведомсвытоның негізг і мақсат-міндеттері бойынша тапсырмаларды жүктеді.

Соңғы жаңалықтар