+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Сот шешімімен «Манчестер Сити» келер жылы Чемпиондар лигасына қатысатын болды

2020 жылғы 13 шілде 16:35
Бөлісіңіз:
Сот шешімімен «Манчестер Сити» келер жылы Чемпиондар лигасына қатысатын болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Спорт саласындағы арбитраж соты «Манчестер Сити» футбол клубының апелляциясын қанағаттандырып, еурокубоктарға қатысуға рұқсат берді, деп хабарлайды euronews.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Қазақстан чемпионаты: Бүгін  25-тур ойындары басталады UEFA Конференция лигасы: «Қайрат» сырт алаңда Әзербайжан командасымен кездеседі Футбол: Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізеді

Ағылшын клубы УЕФА шешіміне шағым білдірген еді. Еске салсақ, қаржылық фэйр-плей ережесін бұзғаны үшін команда биылғы ақпанда екі жылға еурокубоктардан шеттетілген болатын.

«Манчестер Сити» бүгінгі шешімді қолдайды және осы арқылы клубтың ұстанымы мен біз ұсынған дәлелдер расталды деп санаймыз. Клуб процедураны тиісті тәртіппен жүргізген әрі еңбек еткен комиссия мүшелеріне алғыс айтады», - делінген футбол командасының ресми мәлімдемесінде.

CAS шешімінен кейін «Манчестер Сити» 2020/2021 жылғы футбол маусымында Чемпиондар лигасына қатыса алады. Қазір клуб Ағылшын премьер-лигасында екінші орында келеді (үшінші орындағы «Челсиден» 12 ұпайы артық).


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT