Сот сараптамасы органдарының материалдық-техникалық базасы 70 пайызға жаңартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сот сараптамасы органдарының материалдық-техникалық базасы 70 пайызға жаңартылды. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот сараптамасы органдарының материалдық-техникалық базасы 70 пайызға жаңартылды. Жаңа заманауи функционалдық зертханалық аспаптар мен жабдықтар сатып алынды. Тозу нормаларына сәйкес компьютерлік және офистік техника жаңартылуда», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, Нұр-Сұлтан қаласында Сот сараптамалары институтының үлгілік ғимаратының құрылысы жүргізілуде.

«2021-2025 жылдары республиканың тағы 6 өңірінде ғимараттар салу жоспарлануда», - деді Марат Бекетаев.

Сонымен қатар ол «Е-Saraptama» ақпараттық жүйесі әзірленгенін атап өтті.

«Оны «Төрелік», «Е-қылмыстық іс» және «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйелерімен шоғырландыру бойынша жұмыс жүргізілді. Биыл өнеркәсіптік пайдалануға қосу және оны тарату жоспарлануда», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар