+7 (701) 759 90 19
USD 420.65 EUR 505.03
RUB 5.64 CNY 65.01
Jańalyqtar

Сот сараптамасы қызметін цифрландыратын жүйе қашан іске қосылады

2021 жылғы 22 қаңтар 10:31
Бөлісіңіз:
Сот сараптамасы қызметін цифрландыратын жүйе қашан іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың ақпанында E-saraptama жүйесі ілкі режимде іске қосылады. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылы министрліктің қызметін, атап айтқанда заң шығарушылық, апостильдендіру, сот сараптамасы, жылжымайтын мүлікті, заңды тұлғаларды тіркеу, АХАЖ және басқа да салаларды цифрландыруға бағытталған 26 жобадан тұратын «Digital Justice» жобалар кешені әзірленді. Орындау мерзімі - 2023 жылға дейін. Цифрландыру офисі құрылды. 2-кезең аясында E-zan’nama қызметіне талаптар әзірленді», - деді Азамат Әмірғалиев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның атап өтуінше, 2020 жылдың қазан айында Е-апостиль жүйесі іске қосылды. Оны осы айдың ішінде ілкі жоба аясында eGov порталы арқылы енгізу жоспарланып отыр.

«Сот сараптамасы қызметін цифрландыру үшін E-saraptama жүйесі әзірленді. Оны осы жылдың ақпан айында ілкі режимде іске қосу жоспарланған. Жеке тұлғалар үшін жылжымайтын мүлік кепілін екінші деңгейлі банктер арқылы тіркеу бойынша ілкі жоба сәтті аяқталды. eGov mobile-да неке қиюды және некені бұзуды, бала тууды, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруды тіркеу туралы цифрлық куәліктердің, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлік кепілін тіркеу туралы мәліметтерді, анықтамалар мен үзінділерді алу бойынша 16 сервистердің қолжетімділігі қамтамасыз етілді», - деді вице-министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT