Сот сараптама қызметі жөніндегі жоба қос палата арасынан құрылған келісім комиссиясында талқыланады

None
None
АСТАНА. Қазанның 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» заң жобасына Сенат тарапынан енгізілген өзгерістерді талқылады.

 Заң жобасы бойынша келіспеушіліктерді еңсеру үшін қос палата арасында келісім комиссиясы құрылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Естеріңізге сала кетейік, заң жобасы тәуелсіз және объективті сот-сараптама қызметін қамтамасыз ету үшін тиісті заңдарға өзгерістер енгізуді қарастырады. Бұдан басқа, сот-сараптама қызметіне қатысты қолданыстағы заң сот-сараптамасын өндіру мен белгілеу шараларын көздейді. Мәжіліс мақұлдаған жобаны талқылау барысында сенаторлар сот-сараптама қызметіне қатысты мәселелердің ішінде ұйымдастыру және ғылыми әдістемелік шаралар жөніндегі жайттар  реттелмегенін алға тартып, сот-сараптама органы жетекшісінің міндеттерінің тізіміне тағы қосымша міндеттер енгізуді ұсынған болатын.

 Мәжілістегі талқылау барысында сенаторлардың ұсынған 7 түзетуіне келісім білдіріліп, 1 ұсыныс бойынша келісім комиссиясын құру туралы шешім қабылданды. Бұдан басқа, аталған құжатқа ілеспе заң жобасы болып табылатын «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сот-сараптама қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына сенаторлардың енгізген түзетулері де талқыланды. Ол құжат бойынша жоғары палата депутаттары енгізген 2 түзетуге қатысты келісім комиссиясын құру қажеттілігі туындады. Осыған орай, палата тарапынан келісім комиссиясының құрамына депутаттар сайланды.

Соңғы жаңалықтар