Сот С. Матаевтың ісіне қатысты қорғаушының бірқатар өтініштерін қанағаттандырмады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласы №2 Есіл аудандық сотында Cейітқазы Матаевтың ісіне қатысты өткен алдын ала соттың дауында айыпталушыны үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасынан кепілге босату туралы өтінішке қолдау жасалған жоқ.

Қорғаушы Андрей Попов өз сөзінде бірқатар өтініштерін жариялаған болатын. Онда ноутбукті пайдалану; тергеу амалдары Алматының Медеу ауданында жүргізілгендіктен, істің соттылығын өзгерту; С. Матаев пен Ә. Матаевқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту; қосымша сот-экономикалық сараптаманы жүргізу; істі прокуратураға жолдау өтінішхаты қамтылған еді.

«Жасын, отбасылық жағдайын, оның бұдан бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын ескере отырып, сондай-ақ тергеуден жасырынуға ешбір әрекет жасамағанын немесе тергеуге кедергі келтірмегенін назарға ала отырып, Сейітқазы Матаевқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын өзгертіп, кепілге жіберу бұлтарпау шарасын тағайындауды соттан сұраймын», - деді қорғаушы Андрей Петров.

Оның сөзіне қарағанда, С. Матаевтың туыстары кепіл ретінде 500 АЕК-ті соттар әкімшісіне аударған, сонымен қатар 500 АЕК Әсет Матаев үшін де кепіл ретінде енгізілді. Бұл тұрғыда қорғаушы Ә. Матаевқа қатысты бұлтарпау шарасын үйқамақтан кепілге босатуға ауыстыруды сұрады.

Бүгінгі отырыс барысында судья сот залына кардиолог дәрігерді қатыстыру және ноутбук пайдалану туралы қорғаушының өтінішін қанағаттандырды. Атап айтқанда, бұл өтініш оның артериялық қысымының жоғары болуына байланысты жасалды.

Бұдан бөлек, судья айыпталушыларға қатысты заңсыз әрекеттер Есіл ауданында жасалғанын айта келе, қылмыстық іс Астана қаласы №2 Есіл аудандық сотында қаралуы тиіс екенін жеткізді.

А. Құрмантаев қосымша сот-экономикалық сараптамасы тұрғысында басты сот талқылауы басталмағанын, осы ретте бұндай сараптамаға негіз жоқ дегенді айтты.

Мұнымен қоса басты сот талқылауы белгіленбегендіктен, істі прокурорға қайтаруға негіз жоқ екенін де мәлімдеді. Сөз соңында судья басты сот талқылауының мерзімі биылғы 23 тамызға дейін созылатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар