Сот құжаттарының 92 пайызын онлайн фоматқа көшірдік – Аслан Тукиев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар кеңсесі, ҚР Жоғарғы соты және Құқықтық саясатты зерттеу орталығы «COVID-19 пандемиясы кезінде сот төрелігіне қол жеткізу» тақырыбында онлайн кездесу өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара басында ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фолькер Фробарт құттықтау сөз сөйледі.

Ал ҚР Жоғарғы соты Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы Аслан Тукиев пандемия кезінде сот төрелігін қолжетімді ету үшін қандай шаралар қабылдағанын баяндады.

«Әрине, пандемия қалыпты өмір ағысын бұзып, қоғамның үйреншікті тіршілігін өзгертіп кетті. Сот жүйесі де сол өзгерістен шет қалған жоқ. Бірақ, шетелдік әріптестерімізден айырмашылығымыз, біз істерді қабылдау мен қарау үдерісін бір күнге де тоқтатқан жоқпыз. Әрине, сырқаттануға байланысты күтпеген жайттар болды. Бірақ ол эпизодтық сипатта болып, ары кетсе бір аптаға ғана созылды. Жалпы алғанда сот жүйесі тұтас жүйе ретінде істерді қарау бойынша жұмысын бір сәтке де тоқтатқан жоқ», - деді Жоғары сот судьясы.

Оның айтуынша, пандемия әсерінен елдегі сот жүйесінің құжат айналымы 92 пайыз онлайн жүйеге көшірілген.

«Пандемияның алғашқы күндерінде біз төтенше жағдай кезеңінде қолданыстағы жұмыс орындарында неше судья мен сот қызметкерлерін қалдыру керектігін анықтап алдық. Қысқартылған немесе қашықтан жұмыс режиміне көшірілетіндердің санын белгіледік. Осының бәрі біздегі қашықтан жұмыс істеу жүйесінің дамыған жүйесінің арқасында жүзеге асты. Біз бүкіл құжат айналымын барынша онлайн форматқа көшірдік. Қазір бұл көрсеткіш 92 пайызға жетті», - деді Жоғарғы соттың Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы.


Соңғы жаңалықтар