+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Сот Құрманғазы мен Пушкинді масқаралаған постер авторларының апелляциялық шағымын қабылдамады

2014 жылғы 19 желтоқсан 15:55
Бөлісіңіз:
Сот Құрманғазы мен Пушкинді масқаралаған постер авторларының апелляциялық шағымын қабылдамады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Құрманғазы мен Пушкинді масқаралаған постер авторларының апелляциялық шағымын бүгін Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы қабылдамады. Бұл туралы соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл постер тамыз айында Фейсбук пайдаланушылары арасында шу туғызған болатын. Кейін іс сотқа дейін жалғасты. Сот шешімі бойынша «Havas Worldwide Kazakhstan» жарнама агенттігі Құрманғазы атындағы консерваторияның ұстаздарына 34 млн. теңге көлемінде моральдық шығын өтейтін болды.

Бұған дейін соттың Пушкин мен Құрманғазының сүйісіп тұрғанын бейнелегендерге айыппұл салғаны хабарланған болатын. Әкімшілік арызды Алматы қалалық ішкі саясат басқармасы ұсынды. Сот жарнама агенттігінің бас директорына 129 640 теңге (70 АЕК), агенттікке 185 200 теңге (100 АЕК) көлемінде айыппұл салды.

Еске сала кетейік, «Студия 69» клубын жарнамалайтын постер әлеуметтік желілерде 24 тамыздан бастап таралды. Бұл сурет қоғам өкілдерінің наразылығын туғызды, наразы болғандар полицияға шағымданып, принт авторларын жауапкершілікке тартуды талап етті. Компания ресми түрде кешірім сұрап, постердің басып шығарылмайтынын және қайта жарияланбайтынын айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT