Сот Храпуновтардың қылмыстық ісін доғару туралы өтінішті қанағаттандырмады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Судья ерлі-зайыпты Храпуновтардың қорғаушылары мен басқа да сотталушылардың қылмыстық істі тоқтату туралы арызын қанағаттандырмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған іс Алматы қаласы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.

Бүгін судья Қасым Қалмағамбетов қорғаушылардың қылмыстық істі тоқтату туралы арызына шешім шығарды.

«Бұл өтініш қанағаттандырылмайды. Себебі, жапа шеккен тарап онымен келіспейді. Іс материалдарын зерттей келе арызды қанағаттандыру қажеттілігі жоқ деп шештім», - деді судья Қасым Қалмағамбетов.

Бас сот талқылауы 6-7-8 тамызға белгіленді. Сот процесі ашық жүреді.

Айта кету керек, Храпунов ісі бойынша 212 куәгер тыңдалады. Іс 400 томнан тұрады.

Мұның алдында Виктор мен Лейла Храпуновты, Айар Ильясовты сыртынан қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы қабылданған еді.

Басқа сотталушылар ешқайда кетпеуі туралы қолхатпен босатылды.

Сот қаулысына сәйкес, Виктор мен Лейла Храпуновтардан өзге сотталушылар Қуандық Бексұлтанов, Алтай Қасымов, Яков Заяц, Абай Сапаров, Серик Есмұханов, Айяр Ильясов, Айнакүл Садықбаева, Абдул-Ғазиз Мұқашев, Абылайхан Қарымсақов, Ғабиден Қайымсұлтановтың істері қаралуда.  Ерлі-зайыпты Храпуновтар ұйымдасқан топпен бірге мемлекет меншігін ұрлау, лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, алаяқтық, пара алу, қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру баптары бойынша айыпталған.

Қылмыстық әрекеттерден мемлекетке 250 млн АҚШ долларынан астам шығын келген.  Виктор мен Лейла Храпуновтарға, Айяр Ильясовқа сырттай қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Қалған тұлғалардан ешқайда кетпеу туралы қолхат алу шарасы тыңдалды. Сот ісіне судья Қасым Қалмағамбетов төрағалық етті. Алдын ала тыңдауға мемлекеттік айыптаушы мен сотталушылардың қорғаушылары, жәбірленушілер қатысты.

 

Соңғы жаңалықтар