Сот Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты ұсталғандарды қамауға алу мерзімін ұзартты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сот Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты іс бойынша ұсталған күдіктілердің қамауға алу мерзімін ұзартты, деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен.

«Астана қаласының №2 аудандық соты медициналық университеттің студенті Е.Әубакіровтің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктілер: Н.Әжімбай, А.Тихоненко, В.Шерстеневті қамауда ұстау мерзімін 4 айға ұзартты», -делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, ұсталғандар ҚР ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 7 тармағында (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам өлтіру) көзделген қылмысты жасағаны үшін тұтқындалды.

Соңғы жаңалықтар