+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Сот Елжан Біртановты үйқамақта ұстау шарасын күшінде қалдырды

2021 жылғы 14 мамыр 19:22
Бөлісіңіз:
Сот Елжан Біртановты үйқамақта ұстау шарасын күшінде қалдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Елжан Біртановты үйқамақта ұстау бұлтартпау шарасын күшінде қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы тергеу сотының 2021 жылғы 6 мамырдағы Е.Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 8 айға, яғни 2021 жылдың 14 маусымына дейін ұзарту туралы санкция берілген қаулысына оның қорғаушыларының жеке шағымдарын қарады. Адвокаттар бұлтартпау шарасын ұзартудан бас тартуды сұрады. Сот алқасы тергеу сотының қаулысымен келісіп, оны өзгеріссіз қалдырды», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, сот үйқамақта отырған Е.Біртановқа оның асырауында бес адам, оның үшеуі жас бала және қарт ана екенін ескере отырып, өмірге қажетті іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін үйден сағат 8-ден 19-ға дейін шығуға рұқсат берген еді.

Өткен жылы бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қамауға алынды. Оған қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеліп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT