Сот Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін тағы бір айға ұзартты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту туралы тергеу органының өтінішін ішінара қанағаттандырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот шешімін оқыған судья Айбек Әбу экс-министрдің тағы бір ай үйқамақта болатынын мәлім етті.

«Ауданаралық тергеу соты үйқамақ мерзімін 8 айға дейін – 2021жылдың 14 маусымына дейін созу керек деп санайды. Сот тергеу органының Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 8 айға дейін ұзарту туралы өтінішін ішінара қанағаттаyдыру керек деген шешім шығарды. Е.Біртановқа медициналық мекемелерден басқа нысандарға үйден шығуға рұқсат бермеу туралы бөлігін қанағаттандырудан бас тартылды», - деді судья Айбек Әбу.

Еске салсақ, кешегі өткен отырыста прокуратура өкілі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзартуды сұрады.

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов былтыр маусым айында қызметінен босатылған. Ал күзде экс-министр бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынды.

Еске салсақ, өткен айда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты бұрынғы министр Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін ұзартып, бірақ үйден шығуға рұқсат берген еді.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой брифингінің бірінде бұрынғы министрдің сот берген мүмкіндікті пайдаланып, коммерциялық құрылымда жұмыс істеп жүргенін мәлім еткен.


Соңғы жаңалықтар