Сот бойжеткенді қағып өлтірген автобус жүргізушісіне үкім шығарды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бойжеткенді қағып өлтірген автобус жүргізушісі 1 жыл 6 айға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Үкімді Әуезов аудандық сотының судьясы шығарды.

«Әнуар Жәнібеков  ҚР ҚК 345-бабының, 3-бөлігімен айыпты деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылсын. Сондай-ақ, 4 жылға көлік айдау құқығынан айыруды үкім етемін», - деді судья.

Судья сотталушыға неліктен осындай үкім шығарылғанын түсіндірді.

«Сіздер жапа шеккен тараппен келісімге келсеңіздер, жазадан құтыламын деп ойламаңыздар. Бұл барлық автобус жүргізушілеріне сабақ болуы тиіс. Автобус жүргізушілері жиі жол ережесін бұзып, бәйге ұйымдастырады. Сол әрекеттіңіз үшін сіз жауап беруіңіз керек», - деді судья.

Айта кетейік, жол апаты биыл 18 сәуір күні Сайран вокзалының маңында болған еді. 24 жастағы бойжеткенді №126 автобус жүргізушісі тура қиылыста қағып кеткен. Соққыдан қыз бірер метр жерге ұшып түсіп, алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. Жол апаты көшедегі бейнекамераларға түсіп қалған.   

Соңғы жаңалықтар