Сот Аян Мейірбаев пен Ерасыл Әубәкіровтің видеосына қатысты түсініктеме берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты қылмыстық істі қарау барысында қылмыстық-процессуалдық заңбұзушылықтар тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сот тиісті шараларды қабылдау мақсатында азаматтардың жеке өміріне байланысты жеке ақпараттарды таратуға және қолдануға қатысты қылмыстық-процессуалдық заңнаманы бұзу туралы мәліметтерді ҚР ІІМ мен Астана прокуратурасына жеткізуді қаулы етеді. Сотқа оның нәтижелерін хабарлау үшін бір ай беріледі», - деді Астана қалалық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асхат Әшірбеков.

Оның айтуынша, сот отырысы барысында зардап шегуші Аян Мейірбаев сотқа арыз түсірген. Онда ол Нұрбек Әжімбайдың әкесі 23 қыркүйек күні Abiev.kz сайтына қаралып жатқан қылмыстық іс материалдарын, атап айтқанда бейнероликті таратып жіберген.

«Бұл бейнеролик тергеу тобымен іс материалдарына енгізілген және қоғам игілігіне айналмауы тиіс болған», - деп атап өтті ол.

Судьяның айтуына қарағанда, Ізмұханов (Нұрбек Әжімбайдың әкесі) қылмыстық іс материалдарды және бейнематериалдарды алуға мүмкіндігі болмаған.

«Ізмұханов Abiev.kz тілшісіне берген сұхбатында іс материалдары оның қолында барын және егер айыптау үкімі шыққан жағдайда онымен қолданылатынын айтқан. Осылайша, Ізмұхановтың тарапынан бопсалау және сот жүйесіне қысым жасау орын алуда», - деді судья.

А.Әшірбековтің атап көрсеткеніндей, қылмыстық іс материалдарын таратпау туралы ескерту бір емес, бірнеше мәрте айтылғанына қарамастан, Нұрбек Әжімбай қорғаушылары тарапынан қоғамдық пікірге және сотта алқабилер мүшелеріне әсер ету мақсатында істің мән-жайы мен фактілерін бұрмалайтын ақпараттарды таратуын доғарған жоқ.

«Осылайша, әділ сот төрелігін жүргізуге кедергі келтіру үшін сот қызметіне араласу орын алып жатыр. Аталмыш күмәнді ақпараттар қоғам арасында құқық қорғау органдарына, сот жүйесіне деген сенімге нұқсан келтіруде. Осыны негізге ала отырып, (Мейірбаев - автор ескертпесі) аталмыш факті бойынша тексерісті жүргізуді және оны ІІМ-нің тергеу органдарына жолдауды сұрауда», - деді А.Әшірбеков.

Судья Мейірбаевтың өтініші қанағаттандырылатынын айтты.

«Сот кеңес бөлмесінде жеке қаулы шығарды, қаулыда мемлекеттік органдар мен құзырлы тұлғалардың, ұйымдардың және олардың басшыларын осы іс бойынша заңды бұзу әрекеттеріне және жекелеген тұлғалардың бұрыс қылықтарына назарын аударады», - деді ол.

Еске сала кетейік, Астана медицина университетінің студенті Ерасыл Әубәкіров ақпан айында аяусыз өлтірілген болатын. 10 ақпанда Астана қалалық ІІД-нің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Е.Әубәкіровтің мәйітін қар астынан тауып алды. Адам өлтірді деген күдікпен басында төрт адам - Аян Мейірбаев, Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев және Нұрбек Әжімбай ұсталған еді. А.Мейірбаев қылмыстық істе ең басты күдіктілердің бірі болған. Бірақ кейін Аян Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды, 7 мамырда Астана прокурорының келісімімен Аян Мейірбаев босатылды.

Ал бүгін, 12 қазан күні Астана қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асxат Әшірбеков медициналық университеттің студенті Ерасыл Әубәкіровтің ісі бойынша сот үкімін шығарды.

Сот барысында қылмыс жасады деген күдікпен жауапқа тартылған Нұрбек Әжімбай,  Виталий Шерстенев пен Андрей Тихоненколарға 11-ден 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Соңғы жаңалықтар