+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 387.34 EUR 428.44
RUB 6.04 CNY 54.58
Jańalyqtar

Сот Алмазбек Атамбаевтың изоляторда ұстау мерзімін ұзартты

2019 жылғы 20 тамыз 14:29
Бөлісіңіз:
Сот Алмазбек Атамбаевтың изоляторда ұстау мерзімін ұзартты

БІШКЕК. Кабар – ҚазАқпарат – Сот Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты Мемлекеттік ҰҚК тергеу изоляторында 26 қазанға дейін қалдыру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысының тұрғындары жол және мүлік қауіпсіздігіне алаңдаулы СҚО-да кәсіпкерлер бизнес-омбудсмен Болат Палымбетовпен кездесті Ресей арқылы өтетін мәдени құндылықтар тасымалын реттеу мүмкін болмай тұр – прокуратура

Шешім Бішкектің Первомай аудандық соты судьяларының бүгін өткен көшпелі отырысында қабылданды.

Еске сала кетейік, Қырғызстанның бұрынғы президенті бірнеше бап бойынша айыпталып отыр. Атап айтқанда, Атамбаев: Бішкек жылу энергия стансасын жаңғырту кезінде сыбайлас жемқорлыққа жол берді, Бішкек жылу энергия стансасына көмір жеткізуде сыбайлас жемқорлыққа жол берді, заңсыз жолмен табыстарын арттырды («Форум» ғимараты ісі), Геология агенттігінің жекелеген лауазымды тұлғаларымен бірге лицензия беру бойынша сыбайлас жемқорлыққа жол берді деген күдікке іліккен.

Бұдан бөлек, бас прокурор Откурбек Джамшитов Атамбаев қару қолдану, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру, тергеуге кедергі жасау, адамдарды кепілге алу, адам өлтіруді ұйымдастыру, адам өлтіруге әрекет жасау баптары бойынша күдікке ілінген мәлімдеген.

Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Орозбек Опумбаев Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев төңкеріс жасамақшы болды деген еді.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Заң, Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT