Сот Алматыда жазасын жеңілдетуді сұраған алаяқ келіншектің арызын қанағаттандырмады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық сотының апелляциялық коллегиясында алаяқтық жасады деп айыпталған Бибігүл Шаймерденованың ісі қаралды.

Әуезов аудандық соты келіншекті өзгенің мүлкін жымқырып, алаяқтық жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын.

Сондай-ақ, мүлкі тәркіленіп жапа шеккендерге өндіріліп берілетін болды.

Іс материалдарына сәйкес, Б.Шаймерденова белгісіз адамдармен біріге отырып, тіркелмеген «Skot hall» сақтандыру компаниясына адамдардан салым жинаған.

Қазір бұл іс бөлек өндірісте қаралып жатыр. Оның «әріптестеріне» іздеу жарияланды.

Келіншек ондаған адамды сазға отырғызған. Келтірілген шығынның көлемі 20 млн. теңгеге жетті.

Соңғы жаңалықтар