Сора өсіріп сорлады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жалағаш ауданы аумағында 680 түп сора өсімдігін өсірген Қызылорда қаласының 33 жастағы тұрғыны қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс көлемінде жүргізілген «Көкнәр-2019» жедел-профилактикалық шарасы барысында Жалағаш ауданының аумағындағы «Нарөлген» аумағынан есірткі алқабы табылды. Онда заңмен тыйым салынған 680 түп сора өсімдігі бар екені нақтыланды. Оның жалпы салмағы 187 келі болған.
«Оны еккен Қызылорда қаласының 1986 жылғы тұрғыны ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат уақытша ұстау абақтысына қамалды», - деп мәлім етті Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Аралда сора егілген алқап табылғанын хабарлаған едік .
- Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі көз жұмған отбасына үй берілді
- Ақтөбе полициясы пәтер ішіне балкон арқылы кіріп, қашқын қылмыскерді ұстады
- Қарағанды академиясында полицейлерді патриоттыққа тәрбиелейтін курстар басталды
- ҚР ІІМ Ерлан Тұрғымбаев өңірлердегі полиция департаменттерінде болды
-
Елімізде бір апта ішінде 3268 қылмыс тіркелді
-
Алматыдағы түрмеден қашқан адам Ақтөбеде қолға түсті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам