Сооранбай Жээнбеков: Ұлы дала - ата-бабаларымыздың тарихи тағдыры және ұрпақтың келешегі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлы далада мемлекеттеріміз құрылып, елдеріміз ұлтқа айналды. Бұл туралы Қырғыз Президенті Сооранбай Жээнбековтің елордада өтіп жатқан «Ұлы дала» ІV гуманитарлық ғылымдар форумының қатысушыларына жолдаған құттықтауында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті форумға қатысушылар! Сіздерді «Ұлы дала» ІV гуманитарлық ғылымдар форумының ашылу салтанатымен шын жүректен құттықтаймын. Түркі өркениеті адамзат тарихында өзгеше рөл ойнады. Бұл мәселені зерттеуде белгілі оқымыстылардың, ғалымдардың, еларалық ұйымдардың атқарып отырған миссиясы ауқымды. Инновациялық өнеге мен ғылыми байланыстарды шыңдау, идеялармен алмасу, актуалды мәселелерді шешудің бағытын көрсетуге байланысты аймақтық және жаһандық мәндегі жұмыстар күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Ұлы дала - бұл ата-бабаларымыздың тарихи тағдыры және ұрпақтың келешегі», - деді Қырғыз Президентінің құттықтау хатын оқып берген аталмыш ел басшысының кеңесшісі Сұлтан Раев.

С.Жээнбеков Ұлы далада мемлекеттеріміз құрылып, елдеріміздің ұлтқа айналғанын атап өткен. «Халықаралық Түркі академиясы өткізіп жатқан кезекті форумнан жаңа заманның идеяларын күтеміз», - делінген құттықтау хатта.

Еске сала кетсек, елордада «Ұлы дала» ІV гуманитарлық ғылымдар форумы өтіп жатыр. Шара «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» тақырыбына арналып отыр. Форумда қазақстандық ғалымдармен бірге Еуропа, Азия мен Америка құрлығының 21 елінен 250-ге жуық танымал ғалымдар мен белгілі мемлекет, қоғам қайраткерлері қатысуда.

null

Соңғы жаңалықтар