Соңғы жылдары Жайық өзенінің ағыны 3 есе қысқарды – Экология министрі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы жылдары Жайық өзенінің ағыны 3 есе қысқарды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Климаттың өзгеру салдарын бүгіннен-ақ сезіп жатырмыз. Қазақстанда орташа жылдық ауа температурасы соңғы 100 жылдың ішінде 1,37 градусқа көтерілді. Бұл ретте орташа жылдық температураның көтерілу жылдамдығы тұрақты түрде өсіп келе жатқаны байқалады», - деді министр «ECOJER» халықаралық конгресі барысында.

Оның атап өтуінше, мұның барлығы су ресурстары проблемасына алып келеді.

«Өйткені, Қазақстан көптеген трансшекаралық өзендердің төменгі ағысында орналасқан. Қазақстанға су ресурстарының 40 пайыздан астамы көрші елдерден келеді. Жайық өзені айқын дәлел бола алады. Соңғы жылдары оның орташа жылдық ағыны үш есеге қысқарып отыр», - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Соңғы жаңалықтар