Соңғы жылдары қауіпті өндірістік нысандарда апат жиілеп барады – Юрий Ильин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы жылдары қауіпті өндірістік нысандарда апат жиілеп барады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы жылдары қауіпті өндірістік нысандарда апат өсімінің орташа есеппен 15 пайызға артуы байқалады. Жүргізілген сараптама қауіптің өндірістегі техногендік апаттан туындауының әлі де жоғары деңгейде екендігін көрсетіп отыр. Биыл еліміздің қауіпті өндірістік нысандарында 11 апат және 146 оқиға тіркелді. Апат салдарынан 5 адам зардап шеккен», - деді министр.

Оның дерегінше, қауіпті өндірістік нысандардағы апат негізінен өндірістік қауіпсіздік талаптарының бұзылуына жол беруден, қолданыстағы құрал-жабдықтардың тозуынан, жұмысшылардың өндірістік және еңбек тәртібінің төмендігінен орын алады.


Соңғы жаңалықтар