Соңғы жылдары елімізге әкелінген көліктердің 90 пайызы жаңа автомобильдер - А. Рау

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы жылдары елімізге әкелінген көліктердің 90 пайызы жаңа автомобильдер. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау мәлім етті.

«Егер Кеден одағына кіргенге дейінгі уақытпен салыстыратын болсақ, онда бізде кедендік ставка нөл болатын. Сондықтан да елімізге 2011 жылға дейін 10 пайыз жаңа, 90 пайыз ескі көліктер әкелінді», - деді ол.

Вице-министрдің атап өтуінше, соңғы жылдары бұл жайт түбегейлі өзгеріске ұшырап отыр. Мәселен, соңғы уақытта елімізге кіргізілген көліктердің 90 пайызы жаңа, ал 10 пайызы ескі көліктер болған.

«Жыл басындағы Ресей рубліне қатысты жайттан кейін бұл елден Қазақстанға кіргізілген көліктердің жартысынан көбін тағы да пайдаланылған мерзімі 10 жылдан асып кеткен ескі автомобильдерді құрады.Сондықтан да біз Кеден одағы ішіндегі әріптестермен уағдаластыққа келдік. Біздерге жаңа машиналар әкеліне берсін, ал бірқа ескі көлікке жол жоқ», - деді А.Рау.

Соңғы жаңалықтар