Соңғы үш жылда жаңадан 600-ге жуық мектеп салынған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда соңғы үш жылда жаңадан 592 мектеп салынып, қолданысқа берілді. Оның ішінде 314 мектеп мемлекеттік бюджет есебінен салынса, 278 мектеп жекеменшік инвесторлар есебінен бой көтерді. Бұл туралы ҚазАқпарат Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен қатар 2022 жылдың соңына дейін бюджет қаржысына жаңадан 117 мектеп және 99 жекеменшік мектеп ашу жоспарланып отыр.

«Президенттің биылғы жолдауы аясында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру басталды. Жоба аясында 2023-2025 жылдар аралығында мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен 800 мың оқушы орнына арналған жаңа форматтағы мектептер салу жоспарланған», - делінген министрлік хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар