Соңғы үш жылда 572 азамат травматикалық қару қолданудан жапа шеккен - ІІМ

None
None
АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - 2010 жылдан бері республикамыздың медициналық мекемелеріне травматикалық қару қолдану нәтижесінде жапа шеккен 572 азамат шағымданған.

Олардың 39-ы кәмелетке толмаған жасөспірімдер болып табылады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте «Травматикалық қару:заңнамалық реттеу мәселелері» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел барысында мәлім болды.

Ішкі істер министрлігінің ұсынған мәліметтеріне қарағанда, травматикалық қару қолданудан 29 адам - ауыр, 19-ы орташа ауыр жарақаттанған. Ал денсаулық сақтау органдарының қорытындысы бойынша травматикалық қаруды бір метр қашықтықтан қолданғанда адамның денсаулығына орташа және ауыр жарақаттар болмауы тиіс. Оның үстіне қарудың бұл түрін адамның басы мен мойын тұсына қаратып атуға тыйым салынады. Алайда Ішкі істер министрлігінің мәліметтері бойынша травматикалық қару иелері бұндай талапты көп жағдайда сақтай бермейді. Сонымен қатар, бұндай қару қолданудағы азаматтардың денсаулығына ерекше қауіп төндіретіндер - травматикалық патрондары бар «ОСА» мен «Стражник» моделі. Ел азаматтарында осы қарудың 17635 бірлігі бар екен.

Соңғы жаңалықтар