Соңғы үш аптада елордада карантин талабы жиі бұзылған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы 18 қыркүйектен 12 қазанға дейін 5 224 нысанда карантин талабы бұзылды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мобильді мониторинг тобы карантин шараларының сақталуын рейдтік тексеру арқылы жалғастыруда. Карантин режимі жеңілдеген сәттен бастап, яғни 18 қыркүйектен 12 қазанға дейін 26 759 нысан тексеріліп, 5 224 нысанда талап бұзылғаны анықталды», - деді Е. Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның сөзіне қарағанда, соңғы үш аптада Нұр-Сұлтан қаласында ереже жиі бұзылған, тексерілген объектілердің 62 пайызы санитарлық-эпидемияға және санитарлық -профилактикалық шаралар мен карантин режимі талаптарын сақтамай жұмыс істеген. Алматы қаласында бақылаумен қамтылған нысандардың 52 пайызында ереже бұзу жағдайы анықталды. Солтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарында бұл көрсеткіш сәйкесінше 40 және 39 пайызды құрады.


Соңғы жаңалықтар