USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Соңғы төрт жылда елімізде түрлі апаттар салдарынан 9 мың адам зардап шеккен

2021 жылғы 6 желтоқсан 16:28
Бөлісіңіз:
Соңғы төрт жылда елімізде түрлі апаттар салдарынан  9  мың адам зардап шеккен

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы төрт жылда елімізде төтенше жағдай, табиғи және техногендік сипаттағы оқиғалар салдарынан 9 047 адам зардап шекті. Бұл туралы Мәжіліс төрағасының орынбасары, депутат Балаим Кесебаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке қарай, дүлей апаттар жыл сайын әлемде қаншама адамың өмірін алып, денсаулықтары мен күнделікті тірлігіне әсер етуде. Қазақстан да төтенше жағдайлардың туындауының, олардың әлеуметтік салаға және қоршаған ортаға теріс әсерінің жалпы әлемдік заңдылықтарынан тыс қала алмайды. Қоршаған ортаға антропогендік әсердің жоғарылауы және елдің белсенді индустриялық дамуына байланысты теріс факторлар техногендік төтенше жағдайлардың туындауына алып келеді. Тек соңғы 4 жылда республика аумағында 56 783 төтенше жағдай мен табиғи және техногендік сипаттағы оқиғалар тіркелді. Олардың салдарынан 9 047 адам зардап шекті, оның ішінде 2 875 адам қаза тапты. Материалдық залал 19,4 млрд теңгені құрады», - деді Б. Кесебаева Мәжілістегі «Азаматтық қорғау жүйесін дамыту туралы» тақырыбындағы Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, аталған жағдайларда азаматтарымыз өз қайғы-қасіретімен жалғыз қалған жоқ. Мемлекет зардап шеккен халыққа қолдау көрсету және төтенше жағдайлардың салдарын жою мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Бұл үшін Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың резервтерінде жыл сайын қаржылай қаражат көзделіп, мемлекеттік материалдық резервтің ресурстары пайдаланылады.

«Мұндай жағдайларда азаматтық қорғау жүйесін одан әрі дамыту халықтың қауіпсіздігін және елдің экономикалық әлеуетін қамтамасыз етудің аса маңызды шарты болып саналады. Сонымен бірге, планетамыздағы климаттың жаһандық өзгеруі азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеу қағидаттары мен тетіктерін заман талабына сәйкес қайта қарау қажеттілігін тудырады. Бұдан басқа, азаматтық қорғау саласындағы проблемалар төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі тиімді қызметті қиындатады», - деді депутат.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT