09:10, 28 Қазан 2021 | GMT +6
Соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан 27 адам көз жұмды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан көз жұмғандар статистикасын жариялады.
Оған сәйкес, 26 қазан күні Қазақстан аумағында 27 адам - коронавирустан, тағы 2 сырқат - пневмониядан қайтқан.
Коронавирустан ажал құшқандардың ішінде ең көбі Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында - 4 науқастан.
Шымкент, Алматы қалалары мен Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында - 3 адам, Қызылорда, Ақтөбе және Жамбыл облыстарында - бір адамнан көз жұмған.
Тек Түркістан, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Алматы, Атырау және Қостанай облыстарында ғана коронавирустан өлім-жітім болған жоқ.