Соңғы тәулікте Қарағанды облысында бірнеше табиғи өрт болды

None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысының өрт сөндірушілері өткен тәуліктен бері Шет ауданындағы табиғи апатпен күресіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«5 қыркүйек күні сағат 09:28-де Шет ауданының Қызылтау ауылдық округінде, Қызылтау ауылынан оңтүстікке қарай 15 км жерде алдын ала болжам бойынша 300 га алаңда құрғақ шөп өртенді. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің (7 қызметкері мен 2 техникасы) күші және ерікті жасақтар (құрамында 40 жұмысшы және 17 техника – тиегіш, Урал жүк көлігі, 5 жеңіл автомобиль және 10 мотоцикл бар) жұмылдырылды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ бүгін құтқарушылар Қарағанды маңындағы Саран тасжолы бойында құрғақ шөптен тұтанған отты сөндірді.

«6 қыркүйек сағат 13:37-де Саран тасжолы-8 көшесінің жанында шамамен 2 га алаңда құрғақ шөп жанып кетті, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Құрғақ ауа райы мен қатты жел жалынды сөндіруге кедергі келтірді. Жалын 17:57-де ауыздықталды. Өртті жоюға Қарағанды облысының ТЖД 40 адамы мен 11 техникасы және «ТазалыкЭксперт» ЖШС тартылды», - деп хабарлады ведомстводан.








Видеодан алынған кадр


Соңғы жаңалықтар