Соңғы тәулікте 18 адам ауырып, 18 науқас жазылып шықты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 18 дерек тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 935 жетті.

«Соңғы тәулікте анықталған науқастардың 7-еуі Нұр-Сұлтан, 8-і Алматы қалаларында тұрады. Ақмола облысынан – 1, Павлодар облысынан 2 сырқат белгілі болды. Сонымен қатар 18 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Олардың 5-еуі Нұр-Сұлтан, 7-еуі Алматы қалаларының тұрғыны.

Қарағанды облысынан – 2, Павлодар облысынан 4 науқас суығып шықты», - деп жазды ведомство.

Елімізде барлығы 1 292 141 адам COVID-19-дан емделіп, қатарға қосылған.


Соңғы жаңалықтар