+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Соңғы «Союз - ФГ» зымыраны Гагарин ұшу алаңына тұрғызылды

2019 жылғы 23 қыркүйек 13:26
Бөлісіңіз:
Соңғы «Союз - ФГ» зымыраны Гагарин ұшу алаңына тұрғызылды

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – «Союз-ФГ» тасымалдаушы зымыраны Гагарин атындағы №1 старт алаңына тұрғызылды. Ол «Союз МС-15» басқарылатын кемесін алып ұшады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Роскосмос баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, алғашқы старт күнінің бағдарламасы аясындағы жұмыстар басталды, мамандар соңғы техологиялық операцияларды жүргізіп жатыр. «Союз-ФГ» тасымалдаушы зымыранының жүйелері мен агрегаттарын ұшар алдында тексеріп алу сынақтары басталды.

Зымыранды старт алаңына шығару процедурасын көру үшін «Роскосмос» басшылығы, ғарышкерлердің отбасы мүшелері, ғарыш агенттіктері мен ғарыш-зымыран саласындағы кәсіпорындардың өкілдері, журналистер, туристер келді.

Алдағы старт «Союз-ФГ» зымырандарының соңғы – жетпісінші ұшуы болмақ. Бұдан тыс, зымыран Халықаралық ғарыш станциясына Біріккен Араб Әмірліктерінің тұңғыш ғарышкерін апарады. Содан кейін «Гагарин старты» жаңғырту үшін жабылады.

Жоспар бойынша, «Союз-ФГ» 2019 жылғы 25 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан уақытымен 19 сағат 57 минут 43 секундта ұшады.



Еске салайық, негізгі экипаж: ресейлік ғарышкер Олег Скрипочка, америкалық Джессика Меир және БАӘ өкілі Хаззаа әл-Мансуриден тұрады. Олардың дублерлары - Сергей Рыжиков, Томас Маршбёрн және Сұлтан әл-Неяди.


Авторы Сара Қабиқызы


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ғарыш, Байқоңыр,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT