Соңғы он жылдықта Азия құрлығының саяси және экономикалық рөлі барған сайын арта түсуде -Сенат Төрағасы

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Соңғы он жылдықта Азия құрлығының саяси және экономикалық рөлі барған сайын арта түсуде.  Бүгін Азиялық саяси партиялар Халықаралық конференциясының 5-інші Бас Ассамблеясында ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев  осылай мәлім етті,

 деп хабарайды  ҚазАқпарат.

«Азия - бұл құрылықтың бір бөлігі ғана емес, ол көптеген ұлттар мен халықтардың үлкен әулеті өмір сүретін біздің ортақ үйіміз. Ғаламшарда басқа ешбір аймақ Азиядағыдай саналуан бейнесімен ерекшеленбейді. Азия елдерінің тек қана өзіне тән терең тарихы, байырғы салт-дәстүрі, ұлттық мүдделері бар. Мұнда аймақтық және халықаралық саясат мәселелерін шешудің өзіндік жолы қалыптасқан деуімізге болады», деді Сенат Төрағасы.

Қ. Тоқаев оған мысал ретінде Азия Тынық мұхит экономикалық қоғамдастығы, Ислам Конференциясы ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара ықпалдастық және Сенім шаралары кеңесі, АСЕАН сынды мәртебелі құрылымдарды атауға болатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар